Марқұмның жақын-жуықтарының айтуынша, қайғылы оқиға кеше түс ауа орын алған. Рулінде Т.Нұғмановтың ұлы отырған автокөлік Ақтөбеге бара жатып, көк мұздың салдарынан жолдан тайып кеткен. Артқы орындықта отырған Т.Нұғманов Ақтөбедегі ауруханаға жеткізілгенімен, қайтыс болған. Автокөліктегі басқа адамдар аман.
Өткен жылы елуге толған Т.Нұғманов облыс соттарында көп жыл қызмет атқарды. Соның ішінде 2012 жылғы шілдеге дейін БҚО соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, сондай-ақ биылға дейін Қазақстан Судьялар одағы БҚО филиалының төрағасы болды.
Марқұм алдағы бейсенбіде жерге түспек.