БҚО тасжолында полиция көлігінің макетін ұрлаған ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО тасжолында полиция көлігінің макетін ұрлаған ер адам ұсталды

БҚО тасжолында полиция көлігінің макетін ұрлаған ер адам ұсталды

Батыс Қазақстан облысының полицейлері Чапаев-Жалпақтал-Қазталовка тасжолы бойында тұрған патрульдік автокөлік макетін жергілікті тұрғындардың бірі ұрлап кеткенін анықтады.

  • 24 Қыркүйек 2021
  • 46
Фото - Caravan.kz

«23 қыркүйекте макеттің жолғалып кеткені анықталды. Жедел іздестіру барысында макетті ұрлаған күдікті ұсталды. Ол қырық жастағы ер адам. Бұрын сотталмаған. Қазір не себепті ұрлағанын тергеушілер анықтап жатыр», — деді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Енді осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша тергеу басталды. Полиция көліктерінің макеті Қазақстан жолдарында 2019 жылы жол қауіпсіздігі мен көлік жүргізушілері жылдамдықты асырмауы үшін орнатылған.