БҚО тұрғыны бейтаныс бойжеткенге өмір сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО тұрғыны бейтаныс бойжеткенге өмір сыйлады

БҚО тұрғыны бейтаныс бойжеткенге өмір сыйлады

Батысқазақстандық жігіт 25 жастағы аруға бір бүйрегін берді.

  • 3 Қараша 2017
  • 311
Фото - Caravan.kz

Үш жылдан бері төсек тартып, донор таба алмай, гемодиализдің ғана көмегімен өмір сүріп келген Жәмила Байсеріковаға Абзал есімді азамат бір бүйрегін сыйлады, — деп хабарлайдыХабар арнасы.

Қазір бойжеткен өзін жақсы сезінеді. Ептеп аяғын басып, аурухана ішінде жүруіне болады.

Айта кетейік, 25 жастағы арудың 2014 жылы екі бүйрегі де сыр берген. Көз алдында солып бара жатқан қызына көмек сұрап анасы Құрманкүл Құлмұрзаеваның бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Жақындарының ешқайсысының бүйрегі сәйкес келмегендіктен Жәмилә үш жыл бойы гемодиализдің көмегімен өмір сүрген еді. Ал батысқазақстандық Абзал Әділов Жәмиланың шарасыз күйі туралы телеарналардың бірінен көріп қалып, көмек қолын созуға бірден шешім қабылдапты. Жігіттің қаны да сәйкес келген.

-Теледидардан көргенде менің де жүрегім ауырды. Менің де қызым өсім келе жатыр. Барлығы жақсы болсын, сәтті болсын, қиыншылық көрмей өссін деп Алла ризашылығы үшін осындай қадамға бардым. Қаржылай көмектеспесем де, бір қыз баланың өмірін аман алып қалайын деп ойладым, — дейді донор Абзал Әділов.


-Әуелі Алланың алдында, содан кейін халықтың алдында Абзалға басымды иуге дайынмын. Ата-анасына рақмет. Мұндай мейірімді жанды дүниеге әкелген анасына рақмет. Мұндай екінің бірінің қолынан келмейді, — дейді Жәмила Байсерікованың анасы Құрманкүл Құлмұрзаева.

Соңғы жаңалықтар