Жарияланды: 400

БҚО: үш оқушыны көлік қағып кетті; олардың біреуі ауруханада көз жұмды

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Үшана ауылында «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі үш бірдей оқушыны қағып кеткен. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ІІД өкілі хабарлады.

Оның айтуынша, балалардың бірі жетінші, қалған екеуі алтыншы сынып оқушылары болып шықты. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, бірақ бір баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Қазір жол апатына қатысты тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Сарапшылар жүргізушінің апат кезінде спирттік ішімдік ішкен-ішпегенін анықтауда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін