БҚО: Жақсыбай маңынан киіктің жүзден аса өлексесі табылды
|
Батыс Қазақстан облысында тағы да киік қырылып жатыр. Дала жануарларының жүзден аса өлексесі бүгін Жәнібек ауданындағы Жақсыбай ауылы маңынан табылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, қырылған ақбөкендердің көбісі ұрғашы. Өлекселер 10 шақырымдай аумаққа шашылыпты. Әзірге олардың не себепті өлгені белгісіз. Төтенше оқиға орнына жергілікті әкімдік пен облыстық ветеринарлық зертхана мамандарынан құралған арнайы комиссия кетті. Естеріңізге салсақ, дәл осындай жағдай тура бір жыл бұрын да болған. Ол кезде 12 мыңнан аса ақбөкен пастереллез дейтін жұқпалы індеттен қырылған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін