БҚО-да әкімнің картоннан салынған суретін қалада құшақтап жүрген тілшіге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да әкімнің картоннан салынған суретін қалада құшақтап жүрген тілшіге айыппұл салынды

БҚО-да әкімнің картоннан салынған суретін қалада құшақтап жүрген тілшіге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысында әкімнің картоннан салынған суретін қалада құшақтап жүрген тілшіге айыппұл салынды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың бейнесін әрлі берлі тасып жүру құнын сот 6 мың теңгеге бағалапты.

  • 20 Тамыз 2013
  • 402
Фото - Caravan.kz


Естеріңізде салсақ, “Уральская неделя” газетінің тілшісін тәртіп сақшылары 13 тамызда құрықтаған. Ол Батыс Қазақстан облысы әкімінің картоннан жасалған бейнесін құшақтап алып, қала аралап жүрген. Тілші осылайша, облыс басшысының табаны тимеген аудандарды аралап, картон болса да әкімге тұрғындардың арыз-шағым айтуына жағдай жасамақ болыпты. Бірақ бұл шараны сот заңға қайшы деп тауып, Нұрлан Ноғаевтың қағаз кескінін ұстаудың құнын 6 мың теңгеге бағалады. Бірақ газет ұжымы бұл шешімді түсіне алар емес. Әкім халық алдында жүрген адам, ал оның бейнесін пайдалану неге заңға қайшы дейді тілшілер. Ал Ноғаевтың өзі әзірге бұл жайтқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.