«Аудандық прокуратура Ұзынкөл, Ағоба, Талов, Борсы және Жақсыбай ауылдық округтерінің әкімдері жалған құжат жасағанын анықтады», — деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Қадағалау органының мәліметінше, 2013 жылдың қараша айында аталған округтердің әкімдері «ЖәнібекСтройСервис» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алулар мен жолдарды жөндеу жөнінде келісімшарт бекіткен. Атап айтсақ, Ұзынкөл ауылында 170 мың теңге, Ағобада 170 мың теңге, Талов ауылында 150 мың теңге, Борсыда 170 мың теңге, Жақсыбай ауылында 150 мың теңгеге келісім жасалған.
Шын мәнінде мердігер бұл жұмыстарды орындамаған болып шықты. Ал, әкімдер жұмыстың атқарылғаны туралы актіге қол қойып, бюджеттің 810 мың теңгесін «ЖәнібекСтройСервис» ЖШС атына аударып жіберген,
Қаржы полициясы олардың үстінен қылмыстық іс қозғады.