БҚО-да браконьерлер 3,5 млн теңгеге жуық айыппұл төледі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да браконьерлер 3,5 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

БҚО-да браконьерлер 3,5 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

Батыс Қазақстан облысындағы ақбөкен атқан үш тұрғын аса ірі көлемде айыппұлмен құтылды.

  • 8 Қыркүйек 2014
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Мемлекетке келтірілген 3 млн 333 мың теңге шығын толығымен өндірілді. Айыппұлды төлеп, кінәсін мойындауына байланысты браконьерлердің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Прокуратура таратқан хабарламаға сүйенсек, тамыз айының соңында «Охотзоопром» инспекторлары мен Жәнібек ауданының полицейлері арнайы рейд барысында бөкендерді заңсыз қырған үш тұрғынды құрықтаған болатын. Оқиға болған жерде 17 дана мүйіз бен 5 ақбөкеннің денесі табылды.

Өздерінің айтуынша, олар ақбөкендердің мүйізін сатып пайдаланбақ болған.