БҚО-да мыңдаған үйді су шайып кетуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да мыңдаған үйді су шайып кетуі мүмкін

БҚО-да мыңдаған үйді су шайып кетуі мүмкін

Батыс Қазақстанда мыңдаған үйге су шайып кету қаупі төніп тұр. Қазірдің өзінде мұнда күн көзі әдеттегіден ерте жылына бастаған. Ал небәрі екі аптадан кейін нағыз көктем шығуы әбден мүмкін деп отыр синоптиктер.

  • 25 Ақпан 2015
  • 194
Фото - Caravan.kz

Ауа-райы аяқ асты жылынған жағдайда Орал қаласының бір бөлігін су шайып кету мүмкін. Айналадағы елдімекендер де қауіпті аймаққа кіріп отыр. Өйткені, Жайық, Шаған, Деркөл өзендерін есептемегенде, биыл батыс өңіріне қар мөлшерден әлдеқайда жауған. Қазір коммуналдық қызмет пен құтқарушылар тобы аяқтан тік тұрып, қауіпсіздік шараларын күшейтуде.

Қазбек Кенжеғалиев, «Қазсушаруашылығы» РМК БҚО бөлімшесінің директоры:

-Болжамның аты-болжам. Тұспалға сеніп қарап отыра алмаймыз. Кез-келген сәтте күн райы өзгеріп шыға келуі мүмкін. Сондықтан, су тасқынына алдын ала дайындалып, сақадай сай отырмыз.