БҚО-да өрт сөндірушілер жарылған газ құбырына неліктен уақытылы жете алмағандарын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да өрт сөндірушілер жарылған газ құбырына неліктен уақытылы жете алмағандарын  түсіндірді

БҚО-да өрт сөндірушілер жарылған газ құбырына неліктен уақытылы жете алмағандарын түсіндірді

Батыс Қазақстанда газ құбыры жарылды. Апат түн ортасында Оралдан 30 шақырым жерде болған. Халықаралық «Орынбор – Новопсков» құбыры дәл осы аймақтан өтеді. Құтқару қызметі қалың қардың кесірінен оқиға орнына бірнеше сағатта әрең жетіпті. Ал сол аралықта көкке жалын өрлеп тұрған.

  • 3 Ақпан 2015
  • 391
Фото - Caravan.kz

Өрт сөндірушілер жолды қардан тазартатын автогрейдерді ұзақ күткен. Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері түгел барып, бірден штаб құрылды. Жалын тек 4 сағат өткен соң ауыздықталыпты. Осы уақытта құбыр бойындағы барлық тиектер жабылып газдың берілуі тоқтатылған. Жергілікті тұрғындар әуеге көтерілген оттың алдында жойқын жарылыстың даусын естігендерін айтады. Ал құбырдың өзі жер астымен өткізіліпті. Мына суреттерде жарылыс ошағының маңындағы қалың қар еріп, жердің ойылып қалғаны анық көрінеді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бірақ жақын маңдағы бірнеше елді мекен газсыз қалды.

Марс Отаров,
БҚО ТЖД бастығы:

— Зеленов ауданында 9 елді мекен уақытша газсыз отыр. Тасқала ауданында жалпы 32 әлеуметтік нысан, соның ішінде 11 мектеп, 3 балабақша, 5 денсаулық сақтау мекемесі, 9 мәдениет және басқа мекемелер бар. Зеленов ауданы бойынша 3470 абонент әзір газсыз отыр