БҚО-да сотталған азамат балабақшадағы қызметімен қош айтысты
Қазталов ауданы прокуратурасы «Нұрбалапан» балабақшасында заңдылықтың бұзылғанын анықтады. |
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, атап айтқанда, мектепке дейінгі мекеме директорының биылғы 1 ақпандағы бұйрығымен Орал қалалық сотының 2011 жылғы 13 қаңтардағы үкімімен ҚР ҚК 103-бабы 1-бөліміне сәйкес 2 жыл шартты мерзімге сотталған М.Қаубасов дене тәрбиесі мұғалімі ретінде жұмысқа алынған. Заңға сәйкес мұндай адамдар білім беру ұйымындағы жұмысқа жіберілмейді.
Прокуратура ұсынысына сәйкес М.Қаубасов директордың бұйрығымен қызметінен босатылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін