БҚО-да жел күшейіп, найзағай ойнамақ
«Казгидромет» РМК мәліметіне сәйкес Батыс Қазақстан облысында 22-23 маусым күндері кей жерлерде оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, секундына 18-23 метрге дейін жетуі ықтимал. Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы да мүмкін. Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады. Осыған орай тиісті органдарға ескертіліп, қажетті шаралар алу тапсырылды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін