БҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды

БҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды

 

  • 20 Қаңтар 2019
  • 9
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы кеше кешкісін Орал-Атырау жолында, қалаға қарасты Круглоозерный мен Серебряков кенттерінің аралығында болды. Жол үстінде тұрған жеңіл көліктің қаңқасы ғана қалған деуге болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 20.05-те шақырылып, оқиға орнында үш бригада жұмыс жасады. Жасы 35-40 және 40-45 жас шамасындағы екі әйел адам сол жерде көз жұмды. 1973, 1996 жылғы ер адамдар, 2001 жылғы жігіт облыстық ауруханаға жеткізілді. «1973 жылғы ер адам жансақтау бөлімінде. 1996 жылғы ер адам хирургия бөлімінде. 2001 жылғы жігіт амбулаториялық ем алуға жіберілді», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жаяу жүргіншіні көлігімен қаққан жүргізушінің қашып кеткенін жазған болатынбыз.



 

Соңғы жаңалықтар