"Браконьер" іс-шарасы басталғаннан бері бір тәулік ішінде 274 заң бұзушылық анықталған, келген шығын 2 млн теңгеден асып жығылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Браконьер" іс-шарасы басталғаннан бері бір тәулік ішінде 274 заң бұзушылық анықталған, келген шығын 2 млн теңгеден асып жығылады

"Браконьер" іс-шарасы басталғаннан бері бір тәулік ішінде 274 заң бұзушылық анықталған, келген шығын 2 млн теңгеден асып жығылады

Астана. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Браконьер" іс-шарасы басталғаннан бері бір тәулік ішінде 274 заң бұзушылық анықталған, келген шығын көлемі 2 млн теңгеден асып жығылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қазан 2007
  • 559
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 13-қазаннан бастап республика аумағы бойынша жүргізілген шара барысында 118 су жануарларын заңсыз аулау дерегі, 92 заңсыз аң аулау, 59 ағаш кесу, 5 биоресурстарды тасымалдау дерегі анықталған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Браконьер» іс-шарасы барысында 273 заң бұзушы, 17 көлік құрықталған. Табиғат заңын бұзушылардан 31 текше метр заңсыз дайындалған бөрене, 769 кг ауланған балық, 72 аң аулау нысаны, 126 қару, соның ішінде 37 атыс қаруы тәркіленген.

Баспасөз қызметіндегілер, 268 әкімшілік хаттама рәсімделіп, Күршім ауданының Тоқтамыс аулының тұрғынының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 288-бабы «Заңсыз аң аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын атап өтті. Оны Шығыс Қазақстан облысының Абай АІІБ қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының табиғат ресурстарын пайдалану және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің жедел отрядының инспекторларымен бірлесе отырып «Ике» тау шатқалында, Қазақстанның Қызыл кітабына енген арқарды атқаны үшін қолға түсірген. Тексеру барысында одан құжатсыз 7,62 мм калибрлі «СКС» карабині мен арқардың өлігі табылып, тәркіленген болатын. Келген шығын көлемі 1 млн 638 мың теңгені құрап отыр, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті