Браконьерлерден тәркіленген балық қайтадан су қоймаларына жіберілді - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Браконьерлерден тәркіленген балық қайтадан су қоймаларына жіберілді - ШҚО

Браконьерлерден тәркіленген балық қайтадан су қоймаларына жіберілді - ШҚО

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында браконьерлікпен айналысқан 11 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

  • 21 Қаңтар 2014
  • 296
Фото - Caravan.kz


Заңды белшеден басқан азаматтар Зайсан көлінен 100 келіден астам балық аулаған. Олардан балықпен қоса ұзындығы 1500 метрден асатын ау тәркіленді, деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, рейд нәтижесінде браконьерлердің қолындағы 45 мың метр ау алынып, 4 мыңнан астам балық көлге қайта жіберілді. Сонымен қатар заңсыз ауланған 500 келіден астам балық тәркіленді.