British Airways әуе компаниясы Лондон-Алматы бағыты бойынша рейстерін тоқтатады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
British Airways әуе компаниясы Лондон-Алматы бағыты бойынша рейстерін тоқтатады

British Airways әуе компаниясы Лондон-Алматы бағыты бойынша рейстерін тоқтатады

British Airways әуе компаниясы 2015 жылдың 13 қазанынан бастап Лондоннан Алматыға ұшырылатын рейстерін тоқтататыны туралы хабарлайды, деп жазады aeroport.kz.

  • 29 Шiлде 2015
  • 396
Фото - Caravan.kz


«11 қазан күні Лондон-Алматы бағыты бойынша, ал 12 қазанда Алматыдан Лондонға соңғы рейс орындалады», делінген хабарламада. 
Әуе компаниясы аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты барлық жолаушыларынан кешірім өтінеді. Сонымен қатар 11 және 12 қазан күндерінен кейінгі күндерге билеттер брондаған жолаушылар рейстерін қайта брондай алатынын немесе British Airways әуе компаниясының коммерциялық шарттарына сәйкес толық көлемде өтемақы ала алатынын еске салады.