Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-қазанда «Бриз-М» үдеткіш блогы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары басталған болатын. Нәтижесінде жұмыстың 100 пайызы атқарылды. Содан кейін «аталмыш жерге зарарсыздандыру жұмысының аяқталғандығы туралы акті жасау үшін арнайы комиссия келген».
Атап айтқанда, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 1-қазанда үшінші рет зарарсыздандыру шараларын жүргізгеннен кейін, «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен «Протон-М» ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерден 45 сынама алынған болатын.
Сонымен қатар, үдеткіш блогы құлаған жерден 5 метр қашықтықта 10 сынама алынған. «Барлық зарарсыздандыру шараларының қорытындысы бойынша қосымша 9 сынама алынды»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті