Жарияланды: 430

Брюссельде Еуроатлантикалық әріптестік Кеңесіне мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді

13-маусымда Брюссельде Еуроатлантикалық әріптестік Кеңесіне мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді . Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тәжікстан тарапынан кездесуге осы елдің қорғаныс министрі , генерал-полковник Шерали Хайруллаев қатысады . Бас қосуда министрлер "Бейбітшілік үшін ынтымақтастық" бағдарламасы аясындағы жоспарлау және талдау жұмыстарының барысы туралы есеп тыңдалмақ. Сондай-ақ, қауіпсіздікке төнген жаңа қауіп-қатерлерді шешудегі әріптестік , жедел ықпалдастық жолдары, Ауғанстандағы қаіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасау мәселелері сарапқа салынады деп күтілуде. Қазақстан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ҚР қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Мұхтар Алтынбаев ҚР үкіметінің толық құрамда қызметтен кетуіне байланысты аталмыш шараға қатыспайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть