Брюссельде қарашаның соңында "Қазақстан - Еуроодақ" конференциясын өткізу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссельде қарашаның соңында "Қазақстан - Еуроодақ" конференциясын өткізу жоспарланып отыр

Брюссельде қарашаның соңында "Қазақстан - Еуроодақ" конференциясын өткізу жоспарланып отыр

Астана. 15-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Брюссельде 27-қарашада "Қазақстан - Еуроодақ: нәтижелер және ынтымақтастық көкжиегі" деген атпен конференция өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Қараша 2007
  • 393
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш конференцияның алдында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасының орынбасары Сергей Громов кеше Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы өкілетті елшісі Кристиан Меершманмен «таныстық» кездесуін өткізді

«Кристиан Меершман Қазақстанның жетекші саяси күшінің қызметімен, депутаттық корпустың жұмыс тәжірибесімен, сондай-ақ, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының сайлау алды платформасының негізгі бағыттарын іске асыру жолдарымен танысуға ниет білдірді», — деп көрсетілген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті