Шара барысында ҚР ЕК-тегі миссия басшысы Алмаз Хамзаев пен ЕК-тегі Еуропа Кеңесінің өкілі Турбьерн Фройснес «Қазақстан үшін 2014-2015 жылдарға арналған көршілес ынтымақтастықтың басымдықтары: Еуропа Кеңесінің қылмыстық конвенциялары бойынша ынтымақтастық» деген тақырыпта таныстырылым өткізді.
Т.Фройснестің атап өтуінше, «Қазақстан Орталық Азиядағы Еуропалық Кеңеспен — осындай бірлескен декларацияға қол қойған бірінші ел. Аталған құжаттың қабылдануы ынтымақтастықты одан әрі күшейтіп, Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы конвенцияларына қажетті шарттарын құруда маңызды қадам болып саналады».
Шараға Еуропарламент, Еуропалық қызметтің сыртқы әрекеттер өкілдері, Еурокомиссияны дамыту және ынтымақтастық бас директораты, сонымен бірге, Брюссельде тіркелген дипломатиялық корпус қатысты.