Брюссельде ҚР Парламентінің делегациясы Еуроодақпен ынтымақтасуға қатысты мәселелерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссельде ҚР Парламентінің делегациясы Еуроодақпен ынтымақтасуға қатысты мәселелерді талқылады

Брюссельде ҚР Парламентінің делегациясы Еуроодақпен ынтымақтасуға қатысты мәселелерді талқылады

Брюссельде Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ парламенттік ынтымақтастық комитетінің 12-отырысы өтті.

  • 29 Қараша 2013
  • 381
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық делегацияны ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бастап барды. Делегация құрамында Сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Бақтыбай Шелпеков, Мәжіліс депутаттары Шафхат Өтемісов, Владислав Косарев және Айгүл Соловьева бар.

ҚР — ЕО парламенттік ынтымақтастығы комитетінің тең төрағасы, Мәжілістің вице-спикері С.Дьяченконың атап өтуінше, отырыс барысында екі жақ қызығушық танытқан жайттар кеңінен талқыға түсті. ЕО пен ҚР арасындағы ынтымақтастық пен жаңа келісімнің перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ, сауда-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, демократияны дамыту, адам құқығын сақтау, су ресурстары төңірегіндегі саясат, қоршаған ортаны қорғау, білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларының мәселелері де талқыға түсті. Сонымен бірге, отырыс барысында қазақстандық әуе компанияларының ЕО-да ұшуына тыйым мен шектаулерді алып тастау жайы көтерілді.

Орталық Азия бойынша Еуропарламент делегациясының мүшесі, еуродепутат Катарина Невадалова парламенттік ынтымақтастық комитетінің аталмыш отырысының қорытындысына жоғары баға берді.


Оның сөзіне қарағанда, еуропарламентарийлер ЕО пен ҚР арасында визалық режимді ырықтандыру қажеттігін қолдап отыр. «Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, Еуроодақ үшін де маңызды мәселе», — деді ол.