«БТА Банк» АҚ-ның банктік операцияларды жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«БТА Банк» АҚ-ның банктік операцияларды жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылды

«БТА Банк» АҚ-ның банктік операцияларды жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылды

23 маусымнан бастап БТА-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне лицензияның әрекетін тоқтату туралы

  • 24 Маусым 2015
  • 727
Фото - Caravan.kz


ерікті түрде берген өтініміне байланысты БТА-ның банктік операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды «Қазкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметінен. 

Лицензияның әрекеті ҚР Ұлттық банктің «БТА Банк» АҚ-на берілген банктік және өзге де операцияларды, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қызметтерді жүргізу лицензияның әрекетін тоқтату туралы» 2015 жылғы 23 маусымдағы №268 бұйрықтың негізінде тоқтатылды. 
БТА Банктің лицензияны ерікті түрде қайтаруы ККБ мен БТА интеграциясының мақұлданған жоспарына сәйкес атқарылды. 15 маусымда қос банк активтер мен міндеттемелерді бір-біріне бір мезгілде табыстау туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында БТА активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі ККБ-ға берілді, ал ККБ-ның проблемалық активтерінің бір бөлігі БТА-ға өтті. 
Активтерді және міндеттемелерді бір-біріне бір мезгілде табыстау туралы келісімнің шарттары бойынша, ККБ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес БТА және оның клиенттері арасындағы келісімдерде белгіленген барлық талаптарды сақтай отырып, міндеттемелерді толық көлемде орындайды.