Бұған дейін жеңілмеген қазақ боксшысы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұған дейін жеңілмеген қазақ боксшысы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты

Бұған дейін жеңілмеген қазақ боксшысы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты

Мадияр Әшкеев алғаш рет жеңіліске ұшырады. Жекпе-жек тоғыз раунд бойы америкалық Чарльз Конуэллдың басымдығымен өтті.

  • 18 Желтоқсан 2020
  • 171
Фото - Caravan.kz

Лос-Анджелесте қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) пен америкалық Чарльз Конуэлл (13-0, 10КО) арасындағы жекпе-жек өтті.

Бұл жекпе-жекке дейін қос боксшы да жеңілістің ащы дәмін татпаған еді. Мадияр Әшкеев алдыңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қарашасында өткізген. Ол кезде жерлесіміз бесінші раундта аргентиналық Родольфо Мартинесті (44-9-3, 16 КО) жеңген болатын.

Америкалық Чарльз Конвэллге келетін болсақ, ол өзінің соңғы жекпе-жегін осы жылдың қазан айында өткізді. Тоғызыншы раундта жерлесі Уэнди Туссейнтті (12-1, 5 КО) нокаутқа жіберді.

23 жастағы америкалық боксшы ринг қожайыны ретінде алғашқы минуттардан үстемдік танытты. Мадиярдың өз мүмкіндігін көрсетуіне мүмкіндік бермеді. Чарльздың үздіксіз бағыттаған соққыларына жерлесіміз қарсылық таныта алмады.


Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылмады. Тоғызыншы раундтан кейін Әшкеевтің бапкерлері айқасты жалғастырудан бас тартты. Тоғыз раунд бойы жекпе-жек Конуэллдың басымдығымен өтті.

Осылайша, Әшкеев карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Чарльз Конуэлл он төртінші жеңісіне қол жеткізді.