Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған.
1959-1962 жылдары — «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері.
1962-1999 жылдары — Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкер.
1995-1996 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры.
1997-1998 жылдары — Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры.
1999 жылдан — «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған.
1989 жылдан — «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан — бірінші президенті, 2004 жылдан — президенті.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.