Бүгін Алматы мектептері мен колледждерінде сабақ болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Алматы мектептері мен колледждерінде сабақ болмайды

Бүгін Алматы мектептері мен колледждерінде сабақ болмайды

Ал, балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді.

  • 23 Қаңтар 2024
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы оқушылар мен студенттер үшін сабақтар болмайды.

"Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты, 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды",- делінген Алматы қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Басқарманың мәліметінше, балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді.

Еске салайық, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.

Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.