Жарияланды: 560

Бүгін АҚШ-қа қарсы лаңкестік шабуыл жасалғанына екі жыл

Бүгін АҚШ-қа қарсы лаңкестік шабуыл жасалғанына екі жыл. 2001-жылдың 11-қыркүйегінде терроршылар АҚШ-қа қарсы лаңкестік шабуылды жүзеге асырған болатын.

Лаңкестер айдап әкеткен жолаушы тасушы ұшақ Нью-Йорк қаласындағы Дүниежүзілік сауда орталығының бір зәулім ғимаратын соқты. Бұдан 18 минуттан кейін тағы бір жолаушы ұшағы орталықтың екінші ғимаратына келіп соғылды. Соның салдарынан өртене бастаған ғимараттар соққыны көтере алмай біраздан кейін құлап қалды. Құлаған ғимараттар үйіндісінің астында мыңдаған адам қалды. Ал лаңкестер айдаған үшінші ұшақ Вашингтондағы Пентагон ғимаратының үстіне құлады. Ақ үйдің дәл өзін бетке ұстаған төртінші лайнер Пенсильвания штатында құлатып түсірілді. Лаңкестік шабуылдар салдарынан АҚШ-та 3 мыңға жуық адам мерт болды. Бұл лаңкестік шараларды ұйымдастырушы негізгі күдікті ретінде "Аль-Кайда" лидері Усама бен Ладен танылып отыр. АҚШ Мемлекеттік департаментінен хабарлауынша, 2001-жылғы лаңкестік шаралар салдарынан қаза тапқандар мен зардап шегушілердің құрметіне АҚШ президенті Джордж Буш 2003-жылдың 11-қыркүйегін отаншылдар күні деп жариялады. Осыған орай халыққа арнаған жолдауында ол американдықтарды бұл күні мемлекеттік туларды түсіріп, бір минуттық үнсіздік жариялауды өтінді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть