Бүгін Астана көшелерінде тағы да көлік қозғалысы шектеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астана көшелерінде тағы да көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін Астана көшелерінде тағы да көлік қозғалысы шектеледі

3-4 мамырда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазақ Елі» алаңында әскери шеруге дайындық өткізуі кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы кейбір көшелерде қозғалыс шектеледі.

  • 3 Мамыр 2017
  • 224
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда:

—  40-шы станциядан Байырқұм көшесіне дейін, Қошқарбаев көшесіндегі көпір астына дейін;

— Қошқарбаев көшесіндегі көпір астынан Б. Момышұлы даңғылына дейін;

— Тәуелсіздік даңғылы Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін (мектеп);

—  Ш. Қалдаяқов көшесі М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

— Нәжімеденов көшесі Ш. Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

—  Байтұрсынов көшесі Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

—  Қошқарбаев көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;


— Б. Момышұлы даңғылы Сәтбаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін.

Осыған байланысты кептеліс жағдайларына жол бермеу мақсатында қозғалыстың қолайлы маршрутын таңдау қажет.

Айта кетейік, 7 мамырда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына және Жеңіс күніне арналған әскери парад өтеді. 

Соңғы жаңалықтар