Бүгін Астанада мұз қалашықтары ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астанада мұз қалашықтары ашылады

Бүгін Астанада мұз қалашықтары ашылады

Бүгін сағат 18-00-де Ақбұлақ өзеніндегі мұз айдыны ашылады. Ұйымдастырушылар «Алматы» ауданы әкімінің аппараты Дене шынықтыр

  • 24 Желтоқсан 2016
  • 802
Фото - Caravan.kz

Бүгін сағат 18-00-де Ақбұлақ өзеніндегі мұз айдыны ашылады. Ұйымдастырушылар «Алматы» ауданы әкімінің аппараты Дене шынықтыру және спорт басқармасымен, Спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясымен және Астана қаласының коммуналдық шаруашылық қорымен бірлесе отырып көңілді бағдарлама әзірледі, деп хабарлайды Бақ.кз.

«Таза ауада қонақтарды интерактивті байқаулар, «Open air» би кеші, сондай-ақ, жас мәнерлеп сырғанаушылар мен қаланың жасөспірімдер хоккей командаларының көрсетілімдік номерлері жоспарланған», — деп аталып өткен қала әкімінің сайтындағы ақпаратта.

Осы күні сағат 12-де «Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың қатысуымен «Арай» бағында үлкен мұз айдыны ашылады. Көлемі 5 мың шаршы метр болатын мұз айдынына бір уақытта 250 адам коньки тебе алады. Мұнда музыка мен жарық-иллюминациялық жарықтандыру қарастырылған. Бақтың аумағында жаңажылдық шырша, қолөнершілердің жәрмеңкесі орналасқан, сырғанайтын төбешіктер жасалған. Коньки мен шананы жалға алу құны сағатына 500 теңге көлемінде бекітілді. Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін дәмхана, медициналық бекет және радиодүңгіршек жұмыс істейді.

«Сарыарқа» ауданындағы 4 мұз айдыны кейінірек ашылады, олар келесі мекен-жайлар бойынша орналасады: «Sine Tempore» СҮ алдындағы қалалық алаң, Қосшығұлұлы көшесіндегі «Северный» сауда үйіне қарсы алаң, Көктал тұрғын алабындағы «ГАЗ» театрының алдындағы алаң, және «Өндіріс» тұрғын алабындағы № 49 орта мектептің аумағы. Белсенді демалысты сүйетіндер үшін Сарыарқа даңғылында «Астана» спорт кешенінің қасында 30х60 метрлік хоккей корты жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар