Бүгін ауа райы қалай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін ауа райы қалай болады

Бүгін ауа райы қалай болады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Батыс пен орталықта ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

  • 7 Сәуiр 2017
  • 1587
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ, тұман болады, желдің екпіні — 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында төменнен боран соғады.

Қостанай, Ақмола облыстарында тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с, түнде Қостанай облысында — төменнен соққан боран, көктайғақ.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел — 15-20 м/с, түнде кейбір аудандарда тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, түнде Жамбыл облысында желдің екпіні — 15-20 м/с.


7 сәуірге арналған ауа райы. Қазгидромет7 сәуірге арналған ауа райы. Қазгидромет