Бүгін ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгінгі күннің ауа-райы қандай болмақ?

  • 9 Ақпан 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қазақстан территориясының басым бөлігі терең циклон жырасының әсерінде болады, сонымен байланысты жауын-шашын күтіледі, оңтүстік аудандарда найзағаймен.  Тек республиканың батысында және  оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте бұрқасынмен", — делінген хабарламада. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-23 метр күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23, Шығыс Қазақстан облысында екпіні секундына 23-28 метр күшейеді.  

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел секундына 18 метр, бұрқасын күтіледі. Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-23 метр, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында екпіні секундына 25 метр жетеді.  


Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, оңтүстік-батысында секундына 30 метр және оданда артық күтіледі. Түркістан облысында жел күшейеді, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28, тау бөктерлерінде секундына 30 метр және одан артық күтіледі.

Соңғы жаңалықтар