Бүгін №1 алаңның ұшырылым «үстеліне» орнатылған «Союз-У» зымыран тасығышының «Прогресс» М-63 жүк тасымал кемесімен ұшырылымының дайындық жұмыстарының қорытынды операциялары жасалуда.
Ғарыш саласының кәсіпорын есеп — қисабы бүгін ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес басталып, «Союз-ФГ» зымыран тасығышына жанар май құюға дайындық жұмыстары жасалуда. Жанар май отыны ұшырылымға үш сағат уақыт қалғанда құйылады.
Мемлекеттік комиссия зымыран -тасығышын, зымыран жанар -май отынының компонеттерімен толтыру жөнінде шешімді, бүгінгі күннің екінші жартысында өтетін отырыста қабылдайтын болады. Техникалық жетекшілер мен Мемлекеттік комиссиясының мүшелері іске қосу қондырғылардың, ғарыштық зымырандардың дайындығына қатысты және ғарыш айлағында «Союз-У» мен «Прогресс М-63 ғарыш тасығыштарының ұшырылуына қатысы бар жер ғарыш инфрақұрылымдарын және басқа да нысандарының жұмыс істеуіне сәйкес қорытынды шығарады «.
«Союз-У» зымыран тасығышы «Прогресс М-63» транспорттық жүк кемесімен бірге 5 ақпанда Астана уақытымен 19 сағат 03 минутта (Мәскеу уақытымен 16.03) ұшырылмақ
«Прогресс М-63» ХҒС тоғысуы кешке 7 ақпанға межеленген.
2008 жылға жоспарланған Халықаралық ғарыш станциясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша орбитаға жіберіледі деп межеленген бес экспедицияның біріншісі. «Прогресс М-63» транспорттық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс. Сонымен бірге, «Прогресс» Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың 8 сәуірінде «Союз ТМА-12» кеме экипажының құрамында ғарышқа бет алатын Кореялық ғарышкер Ко Санның ғарыштағы сынақ жұмыстарына арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді.
Ғарышкерлердің азық-түлік «себетіне» сондай-ақ, жеміс- жидек, пияз бен жуа салынған. Сондай-ақ, ғарышкерлердің жеке өтініштері бойынша азық-түліктерлде қарастырылған.
Экипаж мүшелеріне ағылшын тілінде бейне табақшалары жіберілді. Ал ресейлік Юрия Маленченкоға арнайы Владимир Высоцкийдің концерттері жазылған бейне табақшалары жөнелтіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті