Бүгін бірден 9 фильм жарыққа шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін бірден 9 фильм жарыққа шығады

Бүгін бірден 9 фильм жарыққа шығады

“Мен жоқта”

  • 12 Қазан 2018
  • 62
Фото - Caravan.kz

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Кирилл Плетнев

Ұзақтығы: 97 минут

Рольдерде:  Полина Максимова, Любовь Аксенова, Риналь Мухаметов, Кирилл Плетнёв, Анна Каменкова, Евгения Дмитриева, Иван Титяев, Владимир Яглыч, Алексей Шевченков, Агриппина Стеклова

Жанры: драма, мелодрама

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Өмірден өткен бір жігітке ғашық болған екі қыз SMS-хабарлама алады. Қызығы ол SMS-тің авторы сол жігіт қана болуы мүмкін. Сүйіктісін табуға үміттенген қыздар құпия жолдаулар арқылы жұмбақтарға толы жолмен бірге жүріп ақиқатты іздейді.

“Лифт”

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Нұртас Адамбай

Ұзақтығы: 93 минут

Рольдерде: Жандос Айбасов, Ісбек Әбілмәжинов

Жанры: психологиялық драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Бір-бірін мүлдем танымайтын екі адам елсіз үйдің лифтінде қамалып қалады. Бірі – Тимур, уайымы жоқ, өмірде өз-өзіне шектеу қоймайтын қалталы жас жігіт. Екіншісі – жасы үлкен жалғызбасты Асқар, бұл ғимаратта жұмыс істейтін күзетші. Лифттен шығудың бар амалын жасап көрген соң не істесе де, бәрі бос екенін түсінеді. Енді екеуіне жағдайға көніп, сырттан көмек күту ғана қалады. 3 күн. Ешқандай бәлесіз 3 күнді оңай өткізуге болады. Бірақ бір кезде Тимур жанында қалған жаңа танысымен түсініксіз жайттар болғанын сезеді. Оған не болды? Асқарды не мазалап жатыр? 3 күн қалай шыдауға болады?

“Мэнди”

Шығарушы мемлекет: Бельгия

Режиссері: Панос Костамос

Ұзақтығы: 121 минут

Рольдерде: Николас Кейдж, Андреа Райзборо, Лайнас Роуч, Нед Деннехи, Олуэн Фуэр, Ричард Брэйк, Билл Дьюк, Лайн Пийе, Клеман Баронне, Алексис Жюльмон

Жанры: триллер, боевик, қорқынышты

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Отыншы Ред әйелі Мэнди екеуі орман жанындағы ауылды аймақта тұрады. Күндердің бір күнінде орманға діни культ пен біріккен байкерлер бандасы көшіп келеді. Дәл сол кезде орманға серуендеуге шыққан Мэнди культтің басшысы Иеремидің көзіне түсіп, оның бұйрығымен байкерлердің қолына тап болады. Содан олар қызға есірткі егіп, оны дәстүр бойынша отқа жағып жібереді. Осылайша олар Редке кек қайтарудан басқа амал қалдырмайды.

“Ауданда”

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Ольга Зуева

Ұзақтығы: 97 минут

Рольдерде: Данила Козловский, Илья Маланин, Елена Оболенская, Ангелина Стречина, Ольга Зуева, Андрей Амшинский, Эдгар Гизатуллин, Александр Мизев, Владимир Хацкевич, Владимир Афанасьев

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Вова мен оның жан досы Киса заңсыз жолмен ақша табады. Олардың өмірі қызықтар мен ойын-сауыққа толы. Олар әрдайым жаңа да қысқамерзімді рахаттарды іздеп жүрді. Алайда жаңа тапсырыс олардың достығын сынап, екеуіне “сен кімсің?” деген сұраққа жауап беруге тура келеді.

“Эль Рояльдағы” қиын жағдай”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссері: Дрю Годдард

Ұзақтығы: 142 минут

Рөлдерде: Крис Хемсворт, Джон Хэмм, Ник Офферман, Дакота Джонсон, Джефф Бриджес, Кэйли Спэни, Мэнни Хасинто, Марк О’Брайэн, Сара Смит, Джим О’Хейр

Жанры: триллер, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін


1969 жыл. Невада мен Калифорния шекарасында орналасқан “Эль Рояль” қонақ үйінде бір түнде әртүрлі адам тоқтайды: дін қызметшісі, әнші Дарлин, шаңсорғыш сатушысы, оңтүстіктен келген күмәнді қыз. Олармен бірге түнді қонақ үйде жас швейцар өткізеді. Әрқайсысының бір құпиясы бар, әркімнің бұрынғы күнәсін жуып-шаюға мүмкіндігі болады. Алайда “Эль Рояльде” өз қалағанына қол жеткізуді қалайтын қатірлі де тартымды культ лидері пайда болғанда жағдай ушығады.

“Патрик”

Шығарушы мемлекет: Ұлыбритания

Режиссеры: Мэнди Флетчер

Ұзақтығы: 94 минут

Рольдерде: Эд Скрейн, Дженнифер Сондерс, Эмилия Джонс, Джемма Джонс, Шери Лунги, Эмили Атак, Эдриан Скарборо, Мира Сайал, Питер Дэвисон, Бернард Криббинс

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Сараның өмірінің астан-кестені шығады. Жұмысы алға баспай, жеке өмірі өкінішке толып, ал ата-анасы оны елемейді. Енді өмірде ода Патрик атты ерке де қыңыр мопс қана бар. Алайда Сараға адамдар дос алмаса, иттің дос болуы қаншалықты мүмкін?

“Хэллфест”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссері: Грегори Плоткин

Ұзақтығы: 83 минут

Рольдерде: Эми Форсайт, Рейн Эдвардс, Бекс Тейлор-Клаус, Кристиан Балис, Мэтт Меркьюрио, Тони Тодд, Кортни Дитц, Микаэль Турек, Roby Attal, Эль Грэхэм

Жанры: қорқынышты

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Хэллоуин мерекесі қарсаңында үш құрбы кездесіп, мерекені сүйіктілерімен әйгілі Хэллфест фестиваліне баруды жоспарлайды. Хэллфесттің ұйымдастырушылар мен қатысушылардың басты мақсаты – бір-бірін ес-түссіз, жан ұшырып қорқыту. Ал кісі өлтіруші үшін Хэлфест – жай ғана қорқыныш карнавалы емес, өлім ойындары үшін ажал алаңы. Ол бәрінің көзінше адамдарды қылғындырып, кескілеп өлтіреді. Ал басқалары болса, алдында адамдардың шын өліп жатқанын түсінбейді де. Кісі өлтірушінің көзі Натали, Брук пен Тейлоға түскенде ғана қыздар ешкімнен көмек күте алмайтынын түсінеді. Енді оларға бұл түнде аман-есен қалу үшін бар күшін аямай күресу керек.

“Айдағы адам”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссері: Дэмьен Шазелл

Ұзақтығы: 138 минут

Рөлдерде: Клер Фой, Райан Гослинг, Пабло Шрайбер, Кристофер Эбботт, Киран Хайндс, Джейсон Кларк, Кайл Чандлер, Итэн Эмбри, Кори Столл, Лукас Хаас

Жанры: драма, биография, тарихи

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Тағдыр батыл адамдарды жақсы көреді. Ал Нил Армстронг сондай батыл адамдардің бірі. Бүкіл әлем оның есімін біледі. Бірақ бар адамзат үшін үлкен қадам жасаған астронавттың қандай өткелден өткнін көп адам біле бермейді.

“Экстаз”

Шығарушы мемлекет: Франция

Режиссеры: Гаспар Ноэ

Ұзақтығы: 95 минут

Рольдерде: София Бутелла, Ромен Гийермик, Сухейла Якуб, Смайл Кидди, Клод Гаян Малл, Жизелль Палмер, Тейлор Кастл, Теа Карла Шотт, Шерлин Темпл, Леа Вламос

Жанры: драма, мюзикл, детектив, қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Дүниеге келу және өмірден өту – үлкен тәжірибе, ал өмір – қолден кетіп бара жатқан ләззат. Заманауи би академиясының түлектері қоштасу кешін ұйымдастырады. Олар би шоуына дайындалу үшін бас қосады. Соңғы репетиция кезінде әлдебір тылсым күштің жетегімен жастар эйфорияға ұшырайды. Музыканың қарқын алып келе жатқан ырғағымен бірге хаос басталады. Біреулер үшін бұл түн сынаққа айналса, енді біреулер үшін нағыз экстазға айналады.

Соңғы жаңалықтар