Бүгін - Бүкіләлемдік метрология күні - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - Бүкіләлемдік метрология күні

Бүгін - Бүкіләлемдік метрология күні

Бүгін, 20 мамырда сағат 15:00-де Эталон орталығының 8-қабатында Бүкіләлемдік метрология күніне (World Metrology Day) арналған салтанатты шара болады.

  • 20 Мамыр 2014
  • 343
Фото - Caravan.kz

Бұл күн атақты «Метрикалық Конвенция» (Metre Convention) халықаралық дипломатиялық конференциясында 1875 жылы Париж қаласында 20 мамырда қол қойылып, содан бастап мереке ретінде тойлана бастады. Соның негізінде Үкіметаралық өлшем мен таразылау халықаралық ұйымы құрылды. Бүкіләлемдік метрология күні-2014 ұраны — «Өлшеу және жаһандық энергетикалық шақыру».

Айта кетер жайт, мерекелік шара барысында «2014 жылғы Үздік өлшеу құралы» және «2014 жылдың үздік жас метрологы» байқауларының жеңімпаздары марапатталмақ.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті басшыларының, метрология заң шығарушы басқармасы өкілдерінің, халықаралық байланыс және біліктілікті арттыру «КазИнМетр» РММ және «Ұлттық аккредитациялау орталығы» ЖШС сынама зертханасын бағалау басқармаларының қатысуымен өтеді, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі.