Сонымен қатар, қашықтан оқып келген оқушылар да мектепке оралады.
Бұл туралы Екібастұз әкімі Аян Бейсекин Instagram желісіндегі тікелей эфирде мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"19 желтоқсаннан бастап мектептер офлайн форматқа көшіп, барлық балабақшалар ашылады. Барлық дерлік мектепті аралап шықтым, ғимарат ішіндегі температура 18-23 градус шегінде", — деді әкім.