Бүгін ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі

Қазгидромет мамандары 22 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 22 Қаңтар 2024
  • 4
Фото - Caravan.kz

Республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.