Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады

 

  • 4 Желтоқсан 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

4 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, деп хабарлайды Kazinform.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміз бойынша, тұман түсіп, жел күшейеді.