Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Қазақстанның аумағы әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнгі және таңғы уақыттарда кей жерлерде тұман күтіледі.

  • 21 Тамыз 2017
  • 239
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста кей жерлерде жел күшейеді, шаңды дауылмен бірге. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай күтіледі, түнде және таңертең — тұман.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, шаңды дауылмен бірге. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы күтіледі.

Соңғы жаңалықтар