Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 28 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясын жария етті.

  • 28 Маусым 2017
  • 312
Фото - Caravan.kz

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы әлі де сақталады. Кей жерлерде жаңбыр күтіледі,  найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Павлодар, Ақмола, облыстарының түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтідеді. 

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, түнде Қарағанды, облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан Қостанай, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан  соғады, күші 7-12 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +10+12°С, күндіз +28+30°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 2-7м/с. Ауаның температурасы түнде 19+21°С, күндіз +26+28°С болады.

Соңғы жаңалықтар