Астана. 26 қыркүйек. «Қазақстан Бүгін» — Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанда бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік құру туралы қаулыға қол қояды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау жөніндегі Комитетінің төрағасы Әлиакпар Матишев журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі.
«Бүгін премьер-министр бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттік құру туралы қаулыға қол қояды»,- деді Ә. Матышев. «Ондағы процедураға тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасы президентінің бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттік құру туралы жарлығының жобасы туралы үкіметтің қаулысы шығып, жарлық президент әкімшілігіне жолданады, одан кейін құжат елбасының қол қоюына ұсынылады»,- деп нақтылады ол.
«Біздің бүгінгі кездесуіміз бәсекелестікті қорғау жөніндегі Комитет ретіндегі соңғы кездесу. Келесі аптада елбасының жарлығы шыққаннан кейін бұрынғы бәсекелестікті қорғау Комитеті жойылады. Мен және менің орынбасарларым және де барлық аппарат қызметінен босатылды деп саналамыз, аумақтық органдар да бұл туралы хабарлама алады»,- деп қосты бәсекелестікті қорғау жөніндегі Комитеттің төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті