Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы сақталды.

  • 13 Желтоқсан 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Синоптиктер 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетау қаласында түнде және таңертең батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — секундына 15-20 метр.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады күші — секундына 15-20 метр.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-18 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендеп, 22-27 градус аяз болады. Павлодар қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында түнде бұрқасын көтеріледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні — 15-20 м/с.


Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда күші — 15-20 м/с. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.