Бүгін Вегетарианшылдардың халықаралық күні
Халықаралық веган күні (World Vegan Day) Веган қоғамы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өткен - 1994 жылдың 1 қарашасында пайда болды. |
Веган сөзін Дональд Уотсон «vegetarian» («вегетарианшыл», «вегетариандық») сөзінің алғашқы үш және соңғы екі әрпінен құрады. Бұл терминді 1944 жылдың 1 қарашасында Лондонда Д.Уотсон негізін қалаған Веган қоғамы пайдалана бастады.
Веганизм (вегандық) - қатаң вегетариандықты, яғни еттен мүлдем бас тартқан өмір сүру дағдысын ұстану. Вегандар құрамында жануарлардан алынған компоненттер мүлдем болмайтын, тек өсімдікті азық-түліктермен тамақтанады. Олар ас мәзірлерінен тіпті, жұмыртқа, сүт, бал және осыларға ұқсас өзге де азық-түліктерді алып тастаған. Вегандар былғарыдан, ішіктен, жүннен, жібектен жасалған киім-кешектерді кимейді.
Жоғарыда аталғандардан бас тартудың себебі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгісі - жануарлардың өлтірілуіне және оларға қатыгездіктің көрсетілуіне қатысты болуды қаламау.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін