Бүгін жаңа «Ел арна» іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін жаңа «Ел арна» іске қосылады

Бүгін жаңа «Ел арна» іске қосылады

Отандық кино әуесқойларына сый. 27 наурызда, яғни бүгін кешкі сағат алтыда «Ел арна» телеарнасы іске қосылады.

  • 27 Наурыз 2017
  • 616
Фото - Caravan.kz

Ең бірінші болып «Ән аға» және «Дорога домой» атты туындылар көрерменге жол тартады. «Хабар» агенттігіне кіретін арнада тек қана Қазақстанда шығарылған көркем фильмдер, деректі кино мен сериалдар көрсетіледі. Мұнда мемлекеттік тілдегі туындылардың үлесі 50%-дан кем болмайды. Олар эфирге 6 сағаттық қайталаумен шығады. Арна басшылығы «Қазақфильм» акционерлік қоғамымен келіссөздер жүргізіп, бірқатар тамаша туындылар көрсетілімі бойынша шарт жасасты. Сондай-ақ еліміздің жас әрі дарынды мамандары да өз киноларын бүкіл халық назарына паш ете алады. Жаңа арнаның әкімшілігі олармен тығыз жұмыс жүргізуге дайын екендігін жеткізді.

— Біз жастарды кино әлеміне баулитын мектептермен, түрлі кинофестивальдердің әкімшілігімен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Ұсынылған туындылардың арасында іріктеу өткіземіз. Қысқа метражды және арт-хаус стиліндегі фильмдерді де эфирге шығарамыз. Біздің ойымызша, мұндай ауқымды жоба жас режиссерлердің санын арттырып, кино индустриясының дамуына серпін береді, дейді «Ел арна» арнасының шеф-редакторы Камила Қамназарова.