Олардың дертке шалдыққаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Коронавируспен ауырғаны расталған ең көп жағдай Нұр-Сұлтан қаласы (18) мен Солтүстік Қазақстан облысында (14) анықталды. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысында 12 адамның вирус жұқтырғаны тіркелді", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы — 18
- Алматы қаласы — 10
- Шымкент қаласы — 2
- Ақмола облысы — 7
- Ақтөбе облысы — 3
- Алматы облысы — 4
- Атырау облысы — 10
- Шығыс Қазақстан облысы — 12
- Жамбыл облысы — 2
- Батыс Қазақстан облысы — 4
- Қарағанды облысы — 6
- Қостанай облысы — 3
- Маңғыстау облысы — 4
- Павлодар облысы — 11
- Солтүстік Қазақстан облысы — 14.
Жалпы, республика бойынша коронавирус жұқтырып, ауырған адамдардың саны 109 094 адамға жетті.