Жарияланды: 60

Бүгінгі қазақтың сұранысы - өсек пен төсектің айналасы

Бүгінгі қазақтың сұранысы - өсек пен төсектің айналасы

Қазіргі таңда қазақтың сұранысы не? 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Бірнәрсеге көзім жетті. Біздің халыққа интеллектуалдық деңгейді көтеретін, ой-өрісін дамытатын, білім көкжиегін кеңейтетін бағдарламалар, Интернет жобалардың түкке де қажеті жоқ. Көрмейді де, оқымайды да", деп жазды белгілі журналист Данияр Есен.

Мысалы, орыстілді саяхат (travel) жобалардың Интернеттегі қаралымы 2-3 миллионнан асып жығылады. Әрине, бұл жерде орыстілді аудиторияның саны жағынан көп екені түсінікті.
Дегенмен, астындағы пікірлерді ашып қалсаң, бір-бірінің етін жеп, ерегісіп жатқан ешкім жоқ. «Ол жаққа қалай баруға болады?», «Отельдің бағасы қанша?», «Трансфермен жетуге бола ма?» - деген сияқты пікір алмасу өте көп. Бір-бірімен шүйіркелесіп жатқан халық әйтеуір.
Шет жақта жүріп бір байқағаным, саяхаттап жүргендердің 99 пайызы – орыс тілді халық, орыстілді қазақтар.
Соған қарағанда қазақтілді қазақтар тойдың, құдалық пен ішіп-жемнің, кит-питтің, жыл сайын үй ремонттаудың айналасынан әлі шыға алмай жүрген сияқты. Әрине, бұл жерде әлеуметтік жағдай да бар. Ол түсінікті.
Бірақ, шет мемлекетте жүріп тағы бір байқаған дүнием – саяхаттап жүрген орыстарда да асып-тасып жатқан ақша жоқ. Біразымен әңгімелестім. Той-томалақты ысырып қойып, демалысқа ақша жинап, істің көзін тауып жатыр әйтеуір.
Болашақта travel жобалар жасаймын дейтін авторлар болса, жасамай-ақ қойыңыздар деймін. Бәрібір көрмейді. Одан да біздің халықтың сұранысын орындаңыздар. Ал, бүгінгі қазақтың сұранысы – өсек пен төсектің айналасы, бір әншінің ішіп-жегені. Одан қала берді той-томалақ. Болды. Басқасына басын ауыртпайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін