Бүгінгі жағдаймен сенат депутаттығынан үміткер ретінде 60 адам өз атын ұсынды
Астана. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінгі жағдаймен сенат депутаттығынан үміткер ретінде 60 адам өз атын ұсынды. Бұл туралы бүгін ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова "Мемлекеттік сайлау органдарының ақпараттық-түсіндірме жұмыстары сайлау процессіне қатысушылардың құқықтық мәдениетін көтерудің бір түрі" атты дөңгелек үстелде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Бүгінгі жағдаймен сенат депутаттығынан үміткерлікке 60 адам ұсынылды", -деді Т. Охлопкова. Ең көп үміркер ұсынылған - Оңтүстік Қазақстан облысы - 10 адам. "Астанада әзірге дода қызбай тұр. Мұнда қазір 1 ғана үміткер", - деді ол.
46 үміткер өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланса, 14 адамды мәслихаттар ұсынып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үміткерлердің атын ұсыну 3 қыркүйекке дейін созылады. Парламент сенатының депутаттары 4 қазанда сайланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін