Бүгіннен бастап елімізде автобус билеттері электронды жүйе арқылы сатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгіннен бастап елімізде автобус билеттері электронды жүйе арқылы сатылады

Бүгіннен бастап елімізде автобус билеттері электронды жүйе арқылы сатылады

Бұдан былай елімізде қалааралық бағыттарда қатынайтын автобус билеттері электрондық жүйемен сатылады, деп хабарлайды khabar.kz.

  • 29 Шiлде 2015
  • 545
Фото - Caravan.kz


Отандық мамандар ойлап тапқан жаңа жүйе  бүгіннен бастап іске қосылады. Әзірге компаниямен тек Астана және Өскемен қалаларының автовокзалдары ғана келісім жасасқан. Яғни осы қалалардың жолаушылары электронды билеттерді енді үйде отырып-ақ АПАРУ-БАС.kz.сайты арқылы сатып ала алады. 

Бұл жобаны іске асыру үшін «Технологияларды коммерциялау орталығы» 18 млн теңге грант бөлген.  Жоба авторларының айтуынша, электронды жүйе жолаушылар үшін де, тасымалдаушылар үшін де тиімді.  Өйткені осы күнге дейін автобус билеттері тек сапаржай кассаларында және бір бағытқа ғана сатылып келді.