Жарияланды: 350

Бухаресте түнгі клубта орын алған өрт құрбандарының саны 60 адамға жетті

Бухаресте түнгі клубта орын алған өрт құрбандарының саны 60 адамға жетті

Румыния астанасындағы Colectiv түнгі клубында болған өрт салдарынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды.

Жексенбі күні таңертең 19 жасар жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС. Одан бұрын Германиядағы клиникада 28 жасар әйел, ал сенбі күні Бухаресте 22 жасар жігіт көз жұмған еді.

Еске салайық, 31 қазан күні түнде Бухаресте Colectivу түнгі клубындағы жарылыстан болған өрт салдарынан 200-ге жуық адам зардап шеккен. Оқиға кезінде клубта 500-ге жуық адам болған. Өрт шығу себебі Goodbye to Gravity тобының өнер көрсетуі барысында қолданылған отшашу болған. 
Қазіргі сәтте Бухарестегі клиникаларда оқиғадан зардап шеккен 44 адам емделуде, дәрігерлер тарапынан олардың 13-інің жағдайы ауыр, ал 7 аса ауыр күйде деп бағаланып отыр. Шетелдерде 28 адам емделуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін