Бүкіләлемдік экономикалық форумның 2006 жылғы Ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік индексінде Қазақстан "Макроэкономика" ішкі индексі бойынша жоғары орынға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүкіләлемдік экономикалық форумның  2006 жылғы Ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік индексінде Қазақстан "Макроэкономика" ішкі  индексі бойынша жоғары орынға ие  болды

Бүкіләлемдік экономикалық форумның 2006 жылғы Ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік индексінде Қазақстан "Макроэкономика" ішкі индексі бойынша жоғары орынға ие болды

Астана. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Бүкіләлемдік экономикалық форумның 2006 жылғы Ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік индексінде Қазақстан "Макроэкономика" ішкі индексі бойынша жоғары орынға ие болды. Бүгін "Экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі: жаңаша қатерлер мен келешек" атты халықаралық экономикалық форум барысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осындай пікір білдірді.

  • 21 Қыркүйек 2007
  • 934
Фото - Caravan.kz

«»Макроэкономика» ішкі индексі бойынша біз Ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік индексінде 10-шы орындамыз» — деді Кәрім Мәсімов. «Бұрынғыдай, макроэконмикалық тепе-теңдік үкімет пен Ұлттық банктің іс-қызметіндегі басымдықтардың бірі, алайда, біздің экономикамыздың болашаған айқындайтын Ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің көптеген аса маңызды құрамды бөліктері бойынша жағдайдың жақсара түсуі байқалмай, керісінше, 2005 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда кейбір нашарлау оқиғалары байқалды», — деді премьер-министр.

Ол мысал ретінде денсаулық саласын дамыту жөніндегі ішкі индексті атады. Ол бойынша Қазақстан 2005 жылы Ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік индексінде 83-ші орынға ие болса, 2006 жылдың қорытындысы бойынша 86-шы орынға қарай ысырылған. «»Бизнестің дамуы» атты ішкі индекс бойынша 2005 жылы біз 63-ші орында болсақ, 2006 жылы 72-ші, «инфрақұрылымның дамуы» атты индекс бойынша тиісінше 62-ші және 68-ші орындамыз», -деді премьер-министр.

Тұтастай алғанда, Кәрім Мәсімовтың мәліметі бойынша, 2006 жылы Ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің 134 көрсеткішінен «103 көрсеткіш бойынша Қазақстан жеткен жетістіктер 50-ші орыннан төмен бағаланса, соның ішінде 76 көрсеткіш бойынша 2005 жылғымен салыстырғанда жағдай нашарлай түскен».

«Біз осы тауқыметтерді аңдай ұғынып, баршамыз бірлесе оны жақсартуға жұмыс істеуге тиіспіз, өйткені, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестік қабілеттілікті көтермейінше, бизнесті, соның ішінде бірінші кезекте шағын және орта бизнесті қарқынды дамытпайынша, халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігін лайықты әлеуметтік қорғау аясына қамтымайынша экономиканы ұзақ мерзімді тұрақты өсіру мүмкін емес «, — деді Кәрім Мәсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті