Бүкіләлемдік кеден ұйымының өкілдері Қазақстанға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүкіләлемдік кеден ұйымының өкілдері Қазақстанға келді

Бүкіләлемдік кеден ұйымының өкілдері Қазақстанға келді

Бүкіләлемдік кеден ұйымының миссиясы біздің елде ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасымен кездесуден басталды,

  • 28 Қараша 2013
  • 503
Фото - Caravan.kz

 деп хабарлады ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметінен.

Бұл сапардың негізгі мақсаттары Қазақстандағы уәкілетті экономикалық операторлар қызметінің сараптамасы мен жалпы жағдайына баға беру, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сонымен бірге одан ары даму бойынша шаралар жоспары мен ұсыныстар жасау болып табылады.

Кездесу барысында тараптар біздің елдегі уәкілетті экономикалық операторлар институтының жұмысын жүзеге асыруда бағытындағы алда тұрған басымдықтары мен негізгі міндеттерін сөз етті.

Миссияның жұмысы 2013 жылдың қараша айының соңына дейін жалғасады. Сарапшылардың пікірінше, ол кедендік операциялар мен тәртіпті жеңілдетіп, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетінің дамуына ықпал етіп, шекарада тауар ағымдарының қозғалысын жеделдетеді.