Головкин — Джейкобс айқасы наурыз айында өтетіндігі алғаш хабарланған кезде, букмекерлер мынадай коэффициенттер ұсынған еді: Головкиннің жеңісіне — 1,32, Джейкобстың жеңісі үшін — 3,50. Алайда, жекпе-жектің өтетін күні жақындаған сайын олар GGG-дің жеңісіне сенім артуда. Олардың баға белгілеуі төмендегідей (William Hill мысалында): Головкиннің жеңісі — 1,10, Джейкобстың жеңісі — 6,50. Айқас 18 наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.